Abstract:
Кешегі Кеңес дəуірінде Алаш қайраткерлерінің белді өкілдерінің бірі Ғазымбек Бірімжанов жайында сөз қозғауға, жазуға тыйым салынды.
Ахмет ағай, Ғазымбек
Елден шетке кетіп жүр,
Отанға қызмет етіп жүр.
Қазақтың қамы қайғысы
Жүрген жоқ олар босқа тек...
Бұл Əлмағамбет Оспанұлының «Ерлерді өткен толғасам» деп басталатын толғауынан үзінді. Толғаудағы «Ахмет ағай» А. Байтұрсынұлы емес, Ғазымбектің ағасы Ахмет Бірімжан. Өлең Шеген ұрпақтары жайында. А. Бірімжанұлы 1927 жылы 5 қаңтарда қайтыс болды, 9 қаңтарда «Еңбекші қазақ» газетінде М. Дулатұлы жазған қазанама жарық көргені белгілі. Яғни, Ə. Оспанұлының бұл шығармасы 1927 жылға дейін жазылған. Мақалада Ғ. Бірімжановтың өмірі мен қызметі, А. Байтұрсынұлымен екеуінің арасындағы аға-інілік, достық қарым-қатынас туралы əңгіме болады.