Abstract:
Ұлттың рухы мен елжандылығын, елге деген сүйіспеншілігін, адамзатқа деген мейірбандылығын оятатын, патриоттық сезімін күшейтетін құралдың бірі – көркем əдебиет. Əдебиет əлемінде өзіндік орны бар, поэзия пырағының бірі – Қалқаман Сарин. Қалқаман Сариннің шығармашылығы нəзік махаббатқа, сыршыл сезімге толы. Мақалада ақын шығармаларындағы «махаббат» концептісі зерттелген.