Abstract:
Мектеп географиясындағы елтану туралы білім өзінің жетілдіру кезеңінен өтуде. Еліміздің оқу бағдарламасында «Елтану» жеке пəн ретінде оқытылмайды, ол география ғылымының бір саласы болғандықтан негізгі мектепте (7-9 сынып) жəне жоғары мектепте (10-11 сынып) жеке бөлім ретінде оқытылады. Елтану қандайда бір елдерді кешенді сипаттауда қолданылатын география ғылымының бір саласы ретінде қарастырылады. Елтану туралы əдістемелік құралдардың негізі И.М. Маергойз, Я.Г. Машбиц жəне Н.С. Мироненко сынды ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп жасалынған. Елтануды интеграцияланған география ғылымының бір саласы ретінде қарастыруға болады, себебі ол гуманитарлық, əлеуметтік, экономикалық жəне саяси ғылымдармен ұштасады. Аталмыш мақалада еліміздің білім беру жүйесіндегі қазіргі елтанулық білімнің оқу үрдісіне қалай енгізілгендігі,
жаңартылған білім беру мазмұндағы оқу бағдарламасының енгеніне орай
тəжірибеге негізделіп оның артық жəне кем тұстары сөз болады.