Abstract:
Бұл мақалада мектептерге қажетті батик өнерімен сурет салу əдістемесі кеңінен қамтылған, сонымен қатар батик технологиясының шығу жəне даму тарихы қарастырылды, батик өнерінде сурет салу техникасы мен түрлері зерттелді, батик техникасымен мата бетіне композициялық бейнелер орындау негіздері анықталды, табиғат көрінісін бейнелеу негіздері көрсетілді, сəндік қолданбалы өнер сабағында батик өнерін оқыту жəне өнер үйiрмесiн ұйымдастыру негіздері ашылды, тəжірибелік-эксперименттік жұмыс қорытындылары келтірілді.