Abstract:
«Шоқанның таланты телегей-теңіз, оның ғалымдық өрістері ұлан-байтақ биіктерге серпіліп жатады» [1,6 б.], – деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, Ш.Уəлиханов жан-жақты, талант иесі. Ол – əдебиетші, əдебиеттанушы, тарихшы, географ, суретші, музыка-танушы, ауыз əдебиеті үлгілерін жинаушы, шығыстанушы, өнертанушы.
Ғалым қазақтың аңыз-əңгімелерінде Абылайдың айырықша қасиеті бар киелі керемет құдірет иесі болып саналғанын, Абылай дəуірі қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры екендігін, оның жорықтарға жəне батырлардың көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына айналғанын баяндай келіп, домбыра мен қобызда орындалатын күйлер Абылай заманында дүниеге көбірек келгенін айтады. «Көбі сол кезеңді сипаттайды, – деп жазады ол. –Халық күйі «Шаңды жорық» жаудан беті қайтып көрмеген жүрек жұтқан батыр Баян опат болған шабуыл кезінде шығарылған. Ал «Қоржын қақпай» Еділ қалмақтарына қарсы қысқы күн бойы ашығып, олжаға қолы əрең жетеді. Бұл күйлердің бəрі күні осы уақытқа дейін Абы-
лай ұрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді елестетеді» [2,111 б.].
Хан Абылайдың дəулескер күйші, «Сары бура», «Жетім торы», «Дүние қалды», «Майда жал», «Қара жорға» сияқты күйлері болғаны белгілі. Шоқан қазасын əкесі Шыңғысқа атақты күйшілер Қанқожа мен Тулақтың күймен жеткізуі де бұл əулеттің музыка тілін жақсы түсініп, бағалай білгенін аңғартады. Мақалада Шоқанның отбасы,туған-туыстары өнерге құштар екендігі,сал-серілермен, күйшілермен
аралас-құраластығы айтылып, оны тереңірек зерттей түсу үшін қандай еңбектерді оқу керектігі де көрсетіледі.