Abstract:
Бұл мақалада оқушылардың дене тəрбиесін жақсартудағы бағыттардың бірі-оқыту мен тəрбиелеу процесін оңтайландырудың маңызды шарты ретінде дене шынықтыру сабақтарында сараланған əдісті қолдану қазіргі таңда өзекті екені айтылған. Дене шынықтыру сабағында жоғары нəтижелі білім алу үшін сараланған əдісті қолдану арқылы балалардың тақырыпты дұрыс менгеруіне мүмкіндіктері жоғары екенін көрсеткен. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда тапсырмаларды саралай отыра беру, оларды негізгі, дайындық жəне арнайы топтарға бөлуден басталады. Бағдарламалық материалды игерудің міндеттері, мазмұны мен қарқынын саралау жəне жетістіктерді бағалау арқылы ұйымдастыру
тиімділігі айқындалған. Практикалық тəжірибе көрсеткендей, барлық сыныптарда күшті, əлсіз жəне орташа оқушылар топтары бар жəне бұл топтардың үлгерімі арасында статистикалық маңызды айырмашылықтар көрсетілген. Оқу сабақтарының мазмұны мен сипаты əр түрлі деңгейдегі оқушылардың жеке ерекшеліктері арасындағы байланысты орнатуға бағытталған əдістер жүйесі көрсетілген. Оқушыларды өзара оқыту əдістері жəне оны оқу процесінің тиімділігін арттыру үшін қолданудың маңыздылығы айтылған.