Abstract:
Бейне ойындар-бұл бүкіл əлем бойынша екі миллиардтан астам қолданушы пайдаланатын өте танымал демалыс түрі. Алайда, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ кəсіпқойлар бейне ойындарды шамадан тыс пайдаланудың ықтимал қауіптілігін атап өтеді. Бұл мақалада онлайн жəне рөлдік ойындарға негізделген виртуалды шындықтың жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауына əсері анықталады. Зерттеудің мақсаты виртуалды шындық онлайн жəне рөлдік ойындарға негізделген жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауына əсер ететінін анықтау.Зерттеу нəтижесінде бейне
ойындар өзін-өзі бағалауға əсер ететіні анықталды, бірақ оң немесе теріс əсер ойындардың өздеріне, сондай-ақ осы ойындарды ойнайтын ойыншыға байланысты.