Abstract:
Қазіргі қоғамдағы əлеуметтік өзгерiстер, экологиялық жағдайдың нашарлауы тағамдық заттар құрамының өзгеруiне əкелді. Сол себепті тағамдық өнімдердің құрам бөліктерін, əсіресе қоспалар мөлшерін сандық анықтау – тағам өнімдері сапасын бақылаудың негізгі міндеті.
Мақалада тағам өнімдері құрамын (макро- жəне микронутриенттер, тағамдық қоспалар) анализдеу əдістері бойынша мектеп оқушыларымен жəне жоғары оқу орындары студенттерімен ғылыми жұмыс ұйымдастырып, өткізуге мүмкіндік беретін əдістемелер келтірілген.