Abstract:
Бұл мақалада болашақ тəрбиеші мамандар мектеп жасына дейінгі балаларды ізгілікке тəрбиелеуге дайындаудың моделі қарастырылады. Болашақ тəрбиеші мамандармектеп жасына дейінгі балаларды ізгілікке тəрбиелеуге дайындаудың моделі жасалынып, компоненттері (когнитивтік, эмоциялық, іс-əрекеттік), өлшемдері мен көрсеткіштері жəне деңгейлерінің айқындалуы «Өзін-өзі тану» пəні негізінде ізгілікке тəрбиелеуге септігін тигізетіні мазмұндалады.