Abstract:
Өзектілігі: Мақалада кейс əдісінің проблемалық оқытудан айырмашылығы айқындалып, кейс-технологиялардың физика сабақтарында қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Кейс-технологияларды физика сабақтарына біртіндеп енгізу бойынша мұғалімге əдістемелік ұсыныстар қамтылған. Кейс-технологиялар физика курсының қандай бөлімдерінің тақырыптарын қамти алатындығы талданды. Физика сабақтарында кейс əдісін енгізу тəжірибесі бойынша технологияның артықшылығы мен кемшілігі қарастырылып, сапалық есептерді шығару кезіндегі
кейс-технологияларының ынталандырушы рөлі талданды.
Мақсаты: Кейс-технологияларын физика сабақтары машықтануында жүзеге асыру əдістемесін анықтау.