Abstract:
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оқытудың басты шарттарының бірі инклюзивті білім беру жүйесінде кедергісіз орта құру жəне тиісті техникалық жабдықтау болып табылады. Еліміздің көптеген университеттерінде мүмкіндігі шектеулі студенттер мен мүгедек адамдарды инклюзивті оқыту үшін жағдай жасау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мақалада, инклюзивті білім беру тетіктері мен оның өзекті мəселелерін шешу жолдары қарастырылған.