Abstract:
Мақалада қазіргі білім беру мазмұнындағы жаңаша технологиялар мен
əдіст-əсілдерді қолдана отырып, мысал жанрын оқыту əдістемесі сөз етіледі. Мысалды көркем шығарма ретінде талдау жолдары баяндалады. Талдау барысында А.Байтұрсынұлының «Қырық мысал» жинағындағы мысалдар пайдаланылды. Мақалада, мысалды тереңірек оқытудың оқушыға тигізер пайдасы мен маңызына мəн беріліп, қарастырылды.