Abstract:
Шығыстық ғұлама Əбу Насыр əл-Фарабидің классикалық ғылымның барлық саласын дерлік қамтитын мұрасы жайлы өзі туған түркі əлемі немесе өмір сүрген ортасы араб елдерінде ғана емес, Батыс пен АҚШ, Канада, сондай-ақ Жапония, Қытай сияқты Қиыр Шығыс елдерінде жүздеген ғылыми-зерттеу еңбектер күні бүгінге дейін жазылып келеді. Бұл ерекшелік осы ойшыл ғалым туындыларының сарқылмас мазмұнын, яғни уақыт өткен сайын арта беретін өміршеңдігін, айқындаса керек. Мақалада Əбу Насыр əл-Фарабидіңтіл философиясына арналған еңбектеріне талдау жасалған. Ғалымныңғылыми тұжырымдары сараланған.