Abstract:
Мақала аталған мемлекеттік қызметтерді реттеуші заңнамадағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігіне арналған. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет өткеру кезінде ерекше талаптар мен шектеулер қояды. Мақалада Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік қызметшілердің өз қызметтік міндеттерін атқармауына байланысты жауапкершілігі туралы сөз қозғалған. Осы іс-əрекеттер мемлекеттік қызметтің беделін түсіреді жəне заңдарда белгіленген жауаптылыққа əкеп соғады.