Abstract:
Қазіргі экологиялық жағдай нашарлап тұрған заманда тағам өнімдері анализіне көп көңіл бөлінеді. Сондықтан тағам өнімдері анализінің қолжетімді әдістемелерін таңдап алып, оларды диплом жұмыстарын жазуда пайдалану жұмысы жоғары оқу орнында актуальді. Бұл мақалада тағам өнімдеріндегі белоктарды сандық анықтау әдістеріне сипаттама беріліп, сол әдістердің біреуі бойынша белоктарды анықтау әдістемесі келтірілді.