Abstract:
Қазіргі кезде мектеп оқушыларымен ғылыми жұмыс ұйымдастырып, өткізуге көп көңіл бөлінеді. Сондықтан тағам өнімдері анализінің қолжетімді әдістемелерін таңдап алып, оларды мектеп мұғалімдеріне ұсыну жұмысы актуальді. Бұл мақалада кейбір азық-түлік өнімдерінің құрамындағы көмірсулардың мөлшерін сандық анықтаудың әдістемелік жолдары көрсетілген.