Abstract:
Оқу құралы 1980 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңдегі оркестрлер мен ансамбльдерге арналған Қазақстанның академиялық музыкасының дамуы туралы материалды қамтиды. Еңбекте академиялық музыканыңдамуындағы тарихи-стилистикалық үрдістерінің сипаттамасы беріліп, Қазақстан композиторларының камералық-аспаптық жанр саласындағы шығармашылығына сараптамалық шолу жасалған.
Бұл оқу құралы «Музыкалық білім» мамандығының студенттері мен магистранттарына ұсынылған.Басылым ҚР БҒМ 2015-2017 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша жүзеге асырылатын «XX-XXI ғғ. (1980-2014жж.) тоғысындағы Қазақстан композиторларыныңакадемиялық аспаптық музыкасы» № 0845/ГФ4 ғылыми жобасын іске асыру аясында дайындалды