dc.description.abstract |
Мақалада қазіргі кездегі халықтық педагогиканың ерекшелігі: оның адам баласының дүниеге келген күнінен бастап бірге жасасып келуінің маңызы қарастырылады. Шынында да, ұлттық тәрбиеміз ғасырлар бойы қалыптасып, халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып, бүгінге дейін жетіп отыр. Бүгінде Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің ән ұранын, ел таңбасын, мемлекеттік туын белгілеп, мемлекеттік конституция заңын қабылдауымен байланысты ұлттық мәдениетті өркендетуге, келер ұрпақты халық пе-дагогикасы қағидалары негізінде тәрбиелеуге толық мүмкіндік туды. Бала тәрбиелеуші әр отбасынан бастап мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, арнаулы орта дәрежелі және жоғары оқу орындарында халықтық тәрбие тағлымдарының озық үлгілерін оқу-тәрбие жүйесіне батыл енгізу уақыты келіп жетті. |
en_US |