Abstract:
Мақалада «Физика және астрономия» курсы бойынша білім берудің мемлекеттік стандартында оқушыларды ғылыми таным әдістерімен қаруландыруға ерекше мән берілгендігі қарастырылған. «Динамика негіздері» тарауындағы маңызды мәселе – «динамика» ұғымдарын қалыптастыру; оқушыларды Ньютон заңдарымен таныстыру; оларға бұл заңдардың қолданылу шекарасы туралы алғашқы мағлұмат беріледі.