Abstract:
Мақала Қазақстан Республикасында 2017 жылы өткізілетін Халықаралық көрмеге арналған. Дəл қазіргі уақытта «EXPO-2017» – ге еліміздің дайындығы қаншалықты деңгейде екені қарастырылған. Еліміздің ертеңі мен болашағы, экономика мен мəдениетіміздің дамуы үшін бұл көрменің маңыздылығы зор. «Болашақ қуаты» атты ұранмен өткізілетін көрме тақырыбы энергия көзінің балама түрлеріне арналады. Бұл Кеңес Одағы құрамындағы мемлекеттер ішінен бірінші болып, осындай ЭКСПО-2017 атты маңызды да беделді іс-шараны өткізу арқылы рейтингке кіріп жəне ондағы позициямызды жақсартып, үздік əлемдік стандарттарына сай болу. Əрине, басты мақсатымыз тек қана рейтингке кіру ғана емес, сонымен қатар халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің сапасын жақсарту.