dc.description.abstract |
Мақалада қазақ тілі – аса бай тіл екені, оның қадір-қасиетін, қырсырын бір баяндамада қамтып, түсіндіре жеткізу мүмкін еместігі көрсетілген. Автор өзге ұлт зиялыларының пікірлерін мысалға келтірген. Қазақ тілінің тазалығы жайында француз ғалымы А.Жарри де Манси, В.В.Радлов «Зирго» журналының 6 томының 70 бетінде жарық көрген «Средняя зарафшинская долина» мақаласында жазыпты. Татар ғалымы Саиди 1926 жылы Қазан қаласында басылған «Тіл, əдебиет, жазу əм олардың өсулері» кітабының 86 бетінде: «Қазіргі ең бай, ең таза, ең табиғи жəне бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол да қазақ тілі жəне қазақ əдебиеті, шын ғылым намы үшін біз мұны ашық айтуымыз керек»,- дейді. Олай болса, біз еліміздің əр азаматының өзге тілдерді үйренуге деген еріктеріне құрметпен қарай отырып, барша жұртшылықты тəуелсіздігіміздің тірегі – мемлекеттік тілдің əлеуетін арттырып, рухын биік ұстауға шақырамыз. |
en_US |