Abstract:
Бұл мақаладаəдебиеттану ғылымы саласындағы көрнекті тұлғалардың бірі - академик Зейнолла Қабдоловтың əдебиеттануға қатысты зерттеулері қарастырылды. Оның ішінде абайтану, мұхтартану ғылымдары саласындағы зерттеулерін саралау мақсат етілді. Ғалымның əр жылдардағы зерттеу еңбектерінен ұлы Абай, М.Əуезов шығармашылығы хақындағы теориялық, сыншылдық, танымдық тұжырымдары жүйеленіп, талданды.