Abstract:
Ғылыми мақала жазушы Ғ. Мүсірепов «Ұлпан» шығармасы тіліндегі фразеологизмдердің стилдік қызметін анықтауға арналған. Жазушы қолданысындағы фразеологизмдерге талдау жүргізіліп, І.Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» пайдалана отырып, мағыналары ашылды. Лексиколог Гульдархан Смағұлованың зерттеуіне сүйене отырып фразеологиздерді топтарға бөліп қарастырылды. Мақалада қазақстандық ғалымдардың зерттеу нəтижелері ғана емес, сондай-ақ шетелдік фразеологтар Ш. Балли В. В. Виноградов сияқты көрініс тапты. Ғ. Мүсірепов бейнесі тұрақты тіркестерде өз ойын көзқарасы мен дүниетанымын, жағдайларды көркем түрде суреттеуде, шығармаға экспрессивті- эмоционалды реңк беру мақсатында қолданған. Жазушы фразеологизмдерді көркем суреттеудің бір құралы ретінде ұтымды, айшықты түрде пайдаланған. Тілді байыту, көркемдеу тəсілі жалғасы тауып отырғандығы Ғ. Мүсірепов шығармасы тұрақты тіркестер қолданысынан аңғаруға болады. Жазушы Ғ. Мүсірепов өз шығармаларында халық тілінің бай қазынасын, көркем сөздің əр алуан өрнегін шебер қолдана білген.