Abstract:
Бұл мақалада Қостанай қаласының №9 орта мектебінде жүргізілген зерттеулердің нəтижелері берілген. 7-10 жас аралығындағы 400 оқушы зерттелді. Балалардың физикалық дамуын бағалау үшін негізгі антропометриялық жəне кардиореспираторлық жүйесінің функционалдық көрсеткіштері анықталды. Дене құрамының жекелеген компоненттерінің айқындылығы жəне олардың арақатынасының үйлесімділігі туралы толық мəлімет антропометриялық жəне функционалдық индекстерді есептеу кезінде алынды.