Abstract:
Қостанай облысында музыкалық білімнің қалыптасуы Ұлы Отан соғысы кезінде музыкалық мектептің құрылуынан басталды. Музыкалық мектепті құру қажеттілігі келесі ұрпаққа мəдени мұраны берумен байланысты болды. Бүгінгі таңда біздің елімізде бұқаралық музыкалық білім беру жүйесі, ТМД-ның басқа да мемлекеттері сияқты, ең үздіктерінің бірі болып табылады. Техникалық прогреске қарамастан, музыкалық білім сұранысқа ие болып отыр, мұны музыкалық мектептерін толтыруы жəне оқуға түсу кезінде конкурс арқылы байқауға болады. Музыкалық білім əрқашан элиталық болған жəне бүгінде ол өте сұранысқа ие, қазір музыка мектебінде білім алу беделді болып саналады. Мектеп облыс орталығында бастауыш музыкалық білім беру саласында білім беру қызметін жүзеге асыратын жалғыз музыкалық мекеме болып табылады жəне еліміздегі ең көне оқу орындарының бірі болып табылады.