Abstract:
Бұл мақалада студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мəселесі қарастырылады. Осы тақырыпқа социологиялық сауалнама жүргізілді, студенттерге салауатты өмір салтын жүргізуге кедергі келтіретін факторлар мен себептер анықталды. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мəселелерін шешу жолдары анықталды. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға баулып, денелерінің шыныққаны мен денсаулықтарының мықты болуына көз жеткіздіру. Өзге бөгде, денсаулыққа зиян келтіретін затттарды қолданудың кері əсерлері жайлы айтып, салауатты өмір салтын ұстанған азамат қасиеті жайлы айту. Күнделікті сабақ жоспарына салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған білімді, жаттығуларды енгізу маңыздылығы жайлы айту.