Abstract:
Метафора – сөз мəнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау, сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдетіп, əсерін күшейту. Ақын өз шығармаларында көркемдегіш құралды сауатты қолдануы арқылы оқырманын еріксіз баулап алады. Мақалада Ұ.Есдəулет өлеңдеріндегі метафораның қызметі талданды.