dc.description.abstract |
Авторлар мақалада Қостанай облысының Наурызым ауданына қарасты Шилі ауылының әлеуметтік-экономикалық тарихын және ауылдың бүгінгі келбетін қарастырады. Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқының «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақалы ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Шилі ауылының әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу, Отан тарихын зерттеудегі өзекті мәселелердің бірі. |
en_US |