Abstract:
Ғылыми мақала жазушы Ж.Сахиевтің «Жасампаздық қиырында» шығармасы тіліндегі мақал - мәтелдердің стильдік қызметін анықтауға арналған. Мақал-мәтелдердің тілдік тұрғыда зерттелуі, тілде қалыптасу кезеңдері жайлы сөз етіледі. Жазушы қолданысындағы мақал- мәтелдерге талдау жүргізіліп, паремиолог - ғалым Ә.Қайдардың «Халық даналығы» атты еңбегін пайдалана отырып, мағыналары ашылды.
Мақалада Ж. Сахиевтің ұлттық тілдің бай қазынасы – сөздік құрамын мейлінше шебер пайдаланып, әр сөзін, сөйлемін, тұтас мәтінін мәнерлі, өткір шебер тілмен өрнектеген және оларды белгілі бір стильдік мақсатпен ұтымды пайдаланғанына көзімізді жеткізе аламыз.