Abstract:
Бұл жұмыста 13-15 жастағы жас футболшылардың техникалық шеберлігін қалыптастыру туралы қарастырылған.13-15 жастағы футболшылардың доппен және допсыз әртүрлі қимылдарды жасаған іс-әрекеттерді дұрыс орындау қабілеттерін анықтау мақсатында құрылған әдістеме және тәжірибелік аспектілер зерттелген. Сонымен қатар жас футболшылардың техникалық және тактикалық іс-әрекеттерінің тиімділігімен физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Футбол ойынындағы техникалық шеберліктің рөлі мен негізгі техника-лары қарастырылған. Берілген тақырып бойынша ғылыми, теориялық, әдістемелік әдебиеттер және де мамандардың тәжірибиелері зерттелген.