Abstract:
Мақалада модульдік оқыту технологиясын сабақта тиімді пайдалану жолдары қарастырылған. Бұл технология білім мазмұнын, білімді игеру қарқынын, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Модульдік оқытудың ерекшелігі: мұғалім көп сөйлегеннен гөрі, баланы көбірек тыңдауға мүмкіндік береді. Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әрбір берілген оқу материалын сабақта үш күрделілік деңгейінде тыңдау, жазу, көру және айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмалар беріледі. І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне, яғни интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.
Модульдік оқытуда тағы бір ерекшелік бағалау парағын қолдану болып табылады. Сабақ жеке жұмыс, топпен жұмыс болуы мүмкін. Бала ескерусіз қалмас үшін әр жұмысқа балл қою арқылы қорытынды баға қойылады.