Abstract:
Мақалада бастауыш сыныптарда білім технологияларының бірі проблемалық технологияның пайдалану жолдары қарастырылады. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі. Сабақта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі орта мектепте және бастауыш мектепте пәнді оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Проблемалық мәселе, проблема тyyғa ыңғайлы тақырыпты таңдай бiлу, мұғалiмнiң iзденiмпаздығына, тапқырлық шеберлiгiне байланысты. Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамында адамдарды, идеяларды, құрал – жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.