Abstract:
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына ұлттық құндылықтар, жалпыадамзаттық құндылық, ұлтжандылық, рухани байлық ұғымдарын түсіндіре отырып таныту үшін мұғалімнің күнделікті оқу-тəрбие үрдісін жоспарлауда оқулықта берілген оқу материалдарынан тыс қосымша мəліметтерді кеңінен қолданудың əдіс-тəсілдері берілген. Себебі, ұлт тағдыры – ұлттық құндылықтар. Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нəтижесінде т ұлға құндылықты игереді, соған сай əрекет етеді. Елдің өткенін, тарихты, мəдениетімізді етене таныстыру ең алдымен қолға алынатын істердің бірі.