Abstract:
Бұл мақалада СӨЖ жəне СОӨЖ шеңберінде білім алушылардың жобалық технологиясын жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылған; «жобалау технологиясы» ұғымы, оқу үдерісінде белсенді қолданылатын жобалау технологиясының түрлері нақтыланады. Мақалада білім алушылардың жаратылыстану бағыттағы – физикалық география, Қазақстан топонимикасы, топография жəне жергілікті жерге бағдарлау негіздері, адам физиоло-гиясы пəндері бойынша жобалық оқыту технологиясын меңгеру нəтижелері берілген; оқутанымдық, зерттеушілік, коммуникативтік жəне ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерді қалыптастырудағы жобалар əдістерінің рөлі анықталды; білім алушыларға жоспарлау, ұйымдастыру жəне орындау кезінде дербестік танытуға мүмкіндік берілді.