Abstract:
Аннотация
География сабағында жаңа технологияларды дұрыс əрі тиімді пайдалану үшін оның оқыту əдістемесі міндетті түрде қажет. Сондықтан, осындай қажеттілікті ескере отырып, мақаланың өзектілігі география сабағы бойынша проблемалық оқыту технологиясының əдістемесін дайындау мен оны сабақта тиімді пайдалану жолдарына арналды. Мақаланың мақсаты проблемалық оқыту технологиясының əдістемесін құрастыру жəне оны география сабағында пайдалану жолдарын ұсыну болды. Зерттеу əдістері: топтау, жүйелеу, сараптау, талдау. Мақалада қазіргі уақыттағы жаңа технологиялық əдістердің бірі проблемалық оқыту əдісінің сипаты, артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылған.
Abstract
It is very important to have a teaching method in order to utilize new technologies correctly and efficiently. Therefore, taking into account this necessities, topicality of the article was dedicated to preparation and efficient implication of methodology of technology of problematic teaching in geography lessons. The aim of the article is to construct the methodology of technology of problematic teaching and presenting the ways of its implication in geography classes. Methods of the research: grouping, systemizing and analyzing. This article argues one of the methods of contemporary technologies, problematic teaching, its description, advantages and disadvantages. In addition, the article illustrates technics of implication of problematic teaching in geography lessons.