Abstract:
Осы мақалада Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының 2 бағыты – Прагматизмнің ел экономикасында алатын орнының маңыздылығы туралы айтылған. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Прагматизм» деп аталатын екінші бөлімі арнайы оны ойталқыға салып, түсіндірмелі талдаулар жасауды талап етеді. Өйткені «прагматизм» ұғымы көпшілік қоғамдық сана үшін арнайы түсіндіруді қажет ететін кəсіби философиялық термин санатына енеді.