dc.description.abstract |
Дене шынықтыру сабақтарындағы жарақат спорттың денсаулық мақсаттарына сəйкес келмейтін феномен болып табылады. Жарақаттың негізгі себептері – сабақ өткізудегі ұйымдастырушылық кемшіліктері. Бұл дене шынықтыру сабақтарын, конкурстар, жарыстар бағдарламаларын дұрыс дайындамау, қауіпсіздік ережелерін бұзу, дене шынықтыру сабағындағы мұқиятсыздық, тағы да басқа жағдайлар болып келеді. Дене шынықтыру пəнінің басқа пəндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Ең басты назар аударатын мəселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім не студент барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. |
ru_RU |