Abstract:
Ұсынылған ғылыми мақалада бірінші курс студенттерінің жоғары оқу орнына бейімделу мәселелері айқындалды. Студенттердің оқу іс–әрекетіне деген қызығушылығының төмендеуі, топ арасында өз орнын табуы, студенттік ортада жетістікке жету мәселелері қарастырылады. Бірінші курс студенттерінің оқу үрдісіндегі ұжымдық қатынас мазмұны ашылды. Студент жастардың әлеуметтік ортаға бейімделу кезеңдері белгіленді.