Abstract:
Бұл мақалада білім алушылардың денсаулық деңгейін бағалау үшін компьютерлік бағдарлама ұсынылады. Білім алушылардың денсаулық деңгейін бағалау бағдарламасы жоғары диагностикалық тиімділікке ие, өйткені субъектінің денсаулық жағдайын объективті түрде көрсетеді, оқу және онтогенез динамикасының көрсеткіштерін салыстыруға, оның келешектегі дамуын болжауға мүмкіндік береді. Осы мәліметтер негізінде зерттелушілердің морфофункционалды дамуынының стандарттарын әзірлеуге болады.