Abstract:
Мақалада қазақ əдебиетінің жанрлық даму тарихындағы арнау өлеңдердің қалыптасу, даму арналары, бастау көздері туралы қарастырылған. Қазақ жəне орыс əдебиеттану ғылымындағы зерттелу мəселелеріне шолу жасалып, арнау өлеңнің жанрлық түріне тəн ерекшелік пен оның табиғаты жайлы ғылыми талдаулар жасалған. Арнау жанрының тарихи-əдеби процестің əртүрлі сатысындағы сипаты зерделеніп, лирика жанрының дəстүрлі бір түрі ретіндегі мадақ жырларымен өзіндік ұқсастығы анықталды. Арнаудың мазмұны, стильдік ерекшелігі, генетикалық байланысы, тұрмыстық тақырыптан келелі тақырыпқа көшу ерекшелігі жайлы ғалымдар пікірлері сараланды.