Abstract:
Мақалада қазақ тіліне басқа тілдерден, яғни араб, парсы, монғол жəне орыс тілдерінен енген сөздердің шығу тегі қарастырылады. Сөз енуінің басты себебі – қазақ халқының тарихи даму барысында басқа халықтармен тығыс қарым-қатынастары. Сөздердің енуі əр алуан жолдармен өтті. Қазақ тіліне басқа тілдерден сөздердің ену экономикалық, сауда, саяси жəне мəдени қатынастарға байланысты болды. Мақалада қазақ тіліне енген сөздерден мысалдар келтіріліп, олардың қайнар көздері көрсетілген.