Abstract:
Бұл мақалада 1929–1940 жылдары қолданылған латын əліпбиінің өзіндік ерекшеліктері қарастырылған. Қазақ халқының латын жазуын қолданылуы мен маңыздылығы тарихи түрде зерделеніп, латын əліпбиіне көшудің тиімді жақтары анықталған. Сонымен қатар мақалада, мұрағат материалдары кеңінен қолданылып, ХХ ғасырдың 20–40 жылдар аралығындағы латын тілінде жарияланған басылым беттері толығымен зерттеліп, талданған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының болашақта латын əліпбиіне көшуінің негізгі мəселелері қарастырылған.