Abstract:
Беріліп отырған мақалада дəстүрлі қазақ қоғамында əйелдердің рөлі қарастырылады. Əйел қорғаушы, тəрбиелеуші, отбасы тірегі болып саналады жəне де ақыл, инабаттылық, ар-ождан жəне т.б. қасиеттермен ерекшеленеді. Бұрынғы кездерде əйелдердің қоғамдағы рөлі қазіргі кезден басқаша болды. Əйелдердің қоғамдағы орны патриархалдық – рулық қатынастарға, ислам дінінің əсеріне байланысты болған. Ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған халықтық əдет-ғұрыптармен салт-дəстүрдің негізінде əйелдердің қоғамдағы рөлі айқындалып, беки түскен. Əйеланаға қатысты əдет-ғұрыптар оның болмысына, тəрбиесіне ықпал етіп, рухани тазалықтың биігінен көрінуге бағытталған. Осыған орай дəстүрлі қазақ қоғамында ақылдылығымен, тапқырлығымен, адалдығымен, көріктілігімен еркекке бергісіз əйелдер өмір сүріп, аттары аңызға айналған.