Abstract:
Мақалада қазіргі кездегі үш тұғырлы тілдің маңызы қарастырылады. Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бəсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Əсіресе жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Қазақстан халқы бүкіл əлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі - жаһандық, экономикаға ойдағыдай, кірігу тілі деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткені көрсетіледі.