Abstract:
Мақалада қазақ халқының белгілі жазушысы Софы Сматаевтың еңбектері қарастырылады. С. Сматаевтың тарихи тақырыпқа жазылған «Елім-ай», «Жарылғап батыр», «Мейрамсопы-Қарқабат» жəне т.б. шығармалары талданады. Жазушының негізгі прозалық еңбегі – «Елім-ай» роман-трилогиясының өзіндік ерекшеліктері көрсетілген. Жазушы тарихи романда қазақ халқының өткеніне жүгініп, қазақ даласының тарихындағы қиын-қыстау кезеңді сипаттайды. Автор материалды жақсы білуінің нəтиже-сінде өткен тарихты бейнелей алды.