Abstract:
Бүгінгі таңда білім беру жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр.
Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, білім беру мекемелерінің ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. Осыған орай, мақалада білім беру жүйесіндегі инновациялық тәсілдер қарастырылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Әрбір педагог жаңа инновациялық тәсілдерді меңгеру барысында өзін–өзі дамытады және өзін–өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін калыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы.