Abstract:
Бұл мақалада білім беру ұйымдарында қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын
қалыптастырудың инновациялық технологиялары қарастырылған. 7–сынып оқушыларымен жүргізілген тәжірибелік жұмыс барысында топтық және интерактивті әдістердің тиімділігі, сондай–ақ оқушылардың пән бойынша жетістіктерінің артуы атап өтілді. Оқушылардың шығармашылық және әлеуметтік қабілеттерін дамыту үшін жекелеген оқу тәжірибелері мен бағалау жүйелері енгізілді. Мақала білім беру процесінде жаңа әдістерді қолданудың маңыздылығын көрсетуге арналған және педагогикалық тәжірибеде пайдалануға ұсынылады.