Abstract:
Қазіргі заманғы білім беру ұйымдары оқушылар үшін қауіпсіз және оларға қолдау көрсету мақсатында білім беру ортасын құруды басты міндеттердің бірі ретінде қарастырады. Бұл мақсатқа жету үшін инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану маңызды рӛл атқарады. Аталған мақалада қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, психологиялық қолдау жүйесін жетілдіру және инклюзивті білім беру ортасын дамытуға бағытталған заманауи технологиялар талданады. Сонымен қатар, оқушылардың әлеуметтік саулығын қамтамасыз ету, киберқауіпсіздік мәселелерін шешу және сандық платформаларды тиімді пайдалану бойынша инновациялық
тәсілдер қарастырылады.