Abstract:
«Ы. Алтинсариннің педагогикалық мұрасы – қазіргі кездегі модернизациялық процестің жалғасы» деп аталатын мақала жалпы оқушы қауымға арналған. «Дала қоңырау» аталған Ұлы ұстаздың өз дәуірінде жасалған, атқарған еңбегін қазіргі кезде педагогикалық оқу процестерінде қалай қолданылып жүргендігі және ұлттық тәрбие мен шығармашылыққа баулу жолдары айтылады. Мақалада ҚР–ның жаңартылған білім беру тұжырымдасы мен Ұлы ағартушының еңбегінің арасындағы ұқсас жақтары сөз болады.