Abstract:
Инновациялық технологиялардың тиімділігін анықтау Зерттеу нәтижелері: Білім берудегі заманауи инновациялық технологиялардың тиімділігі анықталды. Педагогикалық инновация–бұл қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізуге көмектесетін білім беру саласындағы жаңалықтар. Білім берудегі инновациялар деп педагогикалық технологияларды, оқыту әдістері мен құралдарының жиынтығын жетілдіру процесі түсініледі. Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық қызмет кез–келген оқу орнының білім беру қызметінің маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Бұл білім беру қызметтері нарығында белгілі бір мекеменің бәсекеге
қабілеттілігін құруға негіз құрып қана қоймай, сонымен қатар мұғалімнің кәсіби өсу бағытын, оның шығармашылық ізденісін анықтайды және оқушылардың жеке өсуіне ықпал етеді.